Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген ресми хабарлада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барғаны туралы хабарладық.

Қазақстан президенті биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселенің кездесуде қарастырылғаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдіріп, осы саладағы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге ҰҚШҰ аясында қол қойылғанын еске салды.

Мемлекет басшысы пандемия кезінде көмек көрсеткені үшін Ресей Президенті Владимир Путинге алғыс айтты.

Сонымен қатар, 27 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949198-qasym-zomart-toqaev-olim-zazasyn-zoyu-turaly-zanga-qol-qoidy/

pixel