Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Арықтап кеткен Ким Чен Ын кәрістердің "жүрегін жаралады"

Опубликовано:

Солтүстік Корея
Ким Чен Ын. Фото: kcna.kp

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген деп жазады Daily Mail.

Басылым Солтүстік Кореяның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Ким Чен Ын азық-түлік тапшылығы туындаған елінде "аз тамақ" жеп жүр деп жазған.

Сонымен қатар, көп салмақ тастаған Ким Чен Ын кәрістердің "жүрегін жаралап" жатқанын жеткізді.

Ұлыбританиялық газет келтірген ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Корея көшбасшысының арықтап кетуі оның денсаулығының нашарлауымен байланысты көрінеді.

Алайда Корея Халық Демократиялық Республикасы бұл болжамды жоққа шығарды.

Айта кетейік, КХДР коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қытаймен шекарасын 2020 жылдың қаңтар айында жауып тастаған еді. Елдің оқшаулануы экономикаға айтарлықтай әсер етті: елде тауарлар бағасы бірден қымбаттады.

БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бағалауы бойынша, 2021 жылы Солтүстік Кореяда шамамен 860 тонна азық-түлік жетіспеген.

КХДР үкіметі болса, бұл құлдырауға оларға қарсы енгізілген санкциялар, табиғи апаттар мен коронавирус пандемиясын кінәләп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949246-baq-aryqtap-ketken-kim-cen-yn-karisterdin-zuregin-zaralady/

pixel