Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирак билігі АҚШ-тың елдегі әскери миссиясының аяқталғанын растады

Опубликовано:

әкер
Көрнекі фото: pixabay.com

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казими АҚШ әскерінің өз еліндегі жауынгерлік миссиясы аяқталып, шетелдік әскерлер Ирактан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

"Халықаралық коалицияның жауынгерлік миссиясы аяқталды, барлық әскери техника Ирактан шығарылды. Стратегиялық диалогқа сәйкес, коалицияның рөлі кеңес беру мен қолдау көрсетумен шектелді", – деп жазды әл-Казими Twitter парақшасында.

Ирак премьер-министрі коалицияға алғыс айтып, олардың әскері елді ИГИЛ содырларының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қауіп-қатерінен қорғауға дайын екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949326-irak-biligi-aqs-tyn-eldegi-askeri-missiyasynyn-ayaqtalganyn-rastady/

pixel