Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді

Опубликовано:

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

1 қаңтардан бастап Қазақстан Беларусьтен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалықты қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 2021 жылғы қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысында ТМД шеңберіндегі өзара экономикалық іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланған еді.

Оның нәтижесінде ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық және сабақтас құқық объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісім қабылданды.

2022 жылы ТМД-ға Қазақстан төрағалық етеді. ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің келесі отырысын 2022 жылы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949564-qazaqstan-tmd-ga-toragalyqty-qabyldady/

pixel