Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Ақордада кеңес өткізіп жатыр

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминге алғыс айтты.

Мемлекет басшысының сөзін Sputnik Қазақстан агенттігі жариялады.

"Құрметті кеңеске қатысушылар! Асқар Ұзақбайұлы Мамин отставкаға кету туралы өтініш жазды. Мен бұл өтінішті қабылдадым. Асқар Ұзақбайұлы үкіметімізді үш жылға жуық абыроймен басқарды. Ол жұмыс барысында, әсіресе пандемия кезінде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбексүйгіштігін көрсетті. Сондықтан мен бұрынғы премьер-министріме алғысымды білдіргім келеді. Премьер-министрдің міндетін тәжірибелі экономист, білікті басшы Әлихан Смайылов мойнына алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949803-toqaev-aqordada-kenes-otkizip-zatyr/

pixel