RU

Қырғызстанның шекара қызметі Қазақстандағы жағдай ушықса шара қолдануға дайын

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қырғызстанның шекара қызметі Қазақстандағы наразылық акцияларын бақылауда ұстап отырғанын, ушыққан жағдайда шара қолдануға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

"Қырғыз республикасының МҰҚҚ Шекара қызметі көрші елдегі және шекаралық аймақтардағы ахуал бақылауда. Жағдай ушықса ІІМ, ТЖД-мен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен шаралар қабылданатын болады", - делінген Шекара қызметінің мәлімдемесінде.

Онда қырғыз шекара бөлімдері жалпы жаңажылдық мерекеге орай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтілген.

Еліміздің бірнеше қаласында автокөлікке арналған сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауы себепті митингтер өтті. Төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949804-qyrgyzstannyn-sekara-qyzmeti-qazaqstandagy-zagdai-usyqsa-sara-qoldanuga-daiyn/