RU

Тоқаев еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерге кім кінәлі екенін айтты

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» бен «Қазақгаз» кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуалдың біртіндеп түзелетінін атап өтті.

Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін, бұл ретте негізгі салмақ өз міндеттерін мінсіз атқарып жатқан Ішкі істер министрлігіне, Жедел әрекет ететін арнайы жасаққа және Ұлттық ұланға артылып отырғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949817-toqaev-elimizdegi-zappai-tartipsizdikterge-kim-kinali-ekenin-aitty/