Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылысы өзгермейді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен кеңесте еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық құрылысы өзгермейтінін кесіп айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне сәйкес, унитарлық, заң үстемдігі, жекеменшік құқығын құрметтеу және нарықтық экономика мемлекеттік саясатымыздың басты қағидаттары болып қала береді.

Сондай-ақ жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді:

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Ақордада кеңес өткізді. Қазақстан президенті премьер-министр Асқар Маминнің отставка туралы өтінішін қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді.

Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949818-prezident-elimizdin-sayasi-zane-aleumettik-ekonomikalyq-qurylysy-ozgermeidi/

pixel