Алматы мен Ақтаудағы тәртіпсіздіктер: Тоқаев бірқатар қосымша тапсырма берді

Опубликовано:

жасақ11
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізіп, бірқатар қосымша тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді:

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін "Қазақстан халқына" деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949823-almaty-men-aqtaudagy-tartipsizdikter-toqaev-birqatar-qosymsa-tapsyrma-berdi/