Бас мүфти ел тұрғындарын сабырға шақырды (видео)

Опубликовано:

Наурызбай қажы Тағанұлы
Фото: muftyat.kz

Елдегі жағдайға байланысты еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы да мәлімдеме жасап, халықты сабырға, бірлікке шақырды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

"Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы әрқашан халықпен бірге екенін жақсы білесіздер. Алла Тағала осы ауызбіршілігімізді нығайтып, Алла қазіргі кездегі халқымыздың арманын, тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін.

Қадірлі ағайын, біз әрқашанда осы еліміздің амандығы үшін, келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келе жатырмыз.

Алла осы қызметімізге береке берсін.

Әрине әр қазақ бауырым, дейміз. Әр қазақтың амандығы, әр қазақтың саулығы барлығымызға өте қымбат. Сондықтан барынша елдің амандығын, елдің тыныштығын ойланайық, қадірлі ағайын.

Жаратушы Алла тағала елімізге құт береке, ырыс, несібе дарытсын!" - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949827-bas-mufti-el-turgyndaryn-sabyrga-saqyrdy-video/

jitsu gif