Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрап, үндеу жасады

Опубликовано:

Касым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев. Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшыларынан көмек сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

"Мен терроризмге қарсы күрес штабын басқарамын. Бандылар, нағыз лаңкестер жасаған әрекеттердің статистикасын жақсы білеміз, олар қазір Алматыда және басқа қалаларда заңсыз әрекеттерге баруда. Олар ғимараттар мен инфрақұрылымдарды басып алып жатыр, ең бастысы, қару-жарақ орналасқан ғимараттарды басып алуда. Олар училище курсанттарымен қақтығысуда. Қазіргі уақытта Алматы маңында ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты десанттық жасақпен ұрыс жүріп жатыр. Сондықтан, біздің тарапымыздан бұл лаңкестік бандылардың шын мәнінде халықаралық топ екенін, олардың шетелде жақсы дайындықтан өткенін ескерсек, олардың Қазақстанға шабуылын басқыншылық әрекет ретінде бағалау қажет деп есептеймін. Осыған орай, ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа сүйене отырып, мен бүгін ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына Қазақстанға осы лаңкестік қатерді еңсеруге көмек көрсетуін сұрадым. Шындығында, бұл енді қауіп-қатер емес - мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, ең бастысы, мемлекет басшысы ретінде менен жедел түрде көмек көрсетуді сұраған азаматтарымызға шабуыл" - деді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Қазақстан президенті ел халқына жолдаған кезекті үндеуінде бүгіннен бастап Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде барынша қатаң әрекет ететінін мәлімдеді.

Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай енгізілді.

Атырау, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары төтенше жағдай режиміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949925-prezident-uzymdyq-qauipsizdik-sarty-uiymynan-komek-surap-undeu-zasady/

pixel