Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкібай: Елбасы Қауіпсіздік кеңесі басшысы лауазымын Тоқаевқа тапсыру туралы шешімді өзі қабылдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың бұқаралық ақпарат құралдарына берген пікірін Coronavirus2020.kz ресми Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Қазақстанның Тұңғыш президентіне қатысты түрлі жалған қауесет пен арандату мақсатындағы жазбалар таралуда. Қазіргі жағдайда осы сынды әрекеттерді саяси ахуалды тұрақсыздандыру және мемлекеттің конституциялық беріктігіне нұқсан келтіру ретінде бағалаймыз.

Осыған дейін мәлім еткенімдей, Елбасы осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында болып, мемлекет басшысына қолдау көрсетті. Алайда жағдай аса қиындай түскендіктен Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін президентке тапсыру туралы шешімді өзі қабылдады.

Өйткені, елдегі тәртіпсіздіктер мен террорлық әрекеттер мемлекет басшылығы тарапынан жедел, қатал түрдегі жауапты талап еткенін жақсы түсінген болатын.

Елбасы және президент осы уақытқа дейін халқын, мемлекетін және ұлттың болашағын қорғау жолында бірлесе қызмет етті. Сондай-ақ бәріміз үшін қиын кезеңде де олар мемлекеттік биліктің тұтас екендігін тағы да дәлелдеді.

Осындай қиын-қыстау уақытта Нұрсұлтан Назарбаев барша азаматтарды халқымыздың бірлігі мен ынтымағын көрсетіп, Қазақстан өмірін қалыпқа келтіру және лаңкестермен күресте біздің президентіміз - Қасым-Жомарт Тоқаеақа қолдау білдіруге шақырады.
Елбасы террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқан жандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - дем мәлімдеді Үкібай.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтардан бастап Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Бұған дейін бұл лауазымды еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949956-ukibai-elbasy-qauipsizdik-kenesi-bassysy-lauazymyn-toqaevqa-tapsyru-turaly-sesimdi-ozi-qabyldady/

pixel