Берік Құнанбаев ҰҚК басшысының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Берік Садықұлы Құнанбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Садықұлы Құнанбаев Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, президент өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949964-berik-qunanbaev-uqk-bassysynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/