Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде не айтты (фото, видео)

Опубликовано:

Отырыс
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды. Іс-шараға Парламенттің қос палатасының басшылары, Премьер-Министрдің міндетін атқарушы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы, ҰҚК төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрлерінің міндеттерін атқарушылар қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанға нағыз террористерді айдап салған күштерді атады.

"Осыған байланысты біз оларға тойтарыс беру үшін террористерге қарсы операция жүргізуіміз қажет. Мен террористерге қарсы штабты басқарамын. Бұзақылар жасаған террористік актінің ұйымдастырушылары – нағыз террористер. Олардың қазіргі уақытта Алматы мен басқа да қалалардағы істеп жатқан жүгенсіздігі бізге белгілі. Инфрақұрылымдарды, ең бастысы, қару-жарақ сақталған қоймаларды басып алуда. Училище курсанттарымен ұрыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Алматының түбінде Қорғаныс министрлігінің әуе-десант бөлімшелері ұрыс жүргізуде", – деді Президент.

Президент аталған террористік топтардың, шын мәнінде, шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық террористер екенін және олардың Қазақстанға жасаған шабуылын басқыншылық акті ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

Отырыс
Фото: Ақорда
"Осыған байланысты Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, мен ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрадым. Шын мәнінде, бұл – қауіп қана еме, бұл – мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарымызға шабуыл жасау. Олар менен, Мемлекет басшысы ретінде тез арада өздерін қорғауды сұрайды. Азаматтарымыздың игілігін, қауіпсіздігі мен тыныштығын ойлау – менің Конституциялық міндетім. Сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме білдірілген өтініш – уақытылы әрі толығымен дұрыс қабылданған шешім.
Отырыс
Фото: Ақорда

Қазақстан халқы бұл шешімді қолдайтынына сенімдімін. Жұмылсақ, сөзсіз, жеңеміз. Террористік топтар ірі инфрақұрылымдық объектілерге шабуыл жасауда. Атап айтқанда, Алматы әуежайы, бес ұшақ, оның ішінде шетелдік те ұшақтар басып алынды. Өкінішке қарай, Алматы қаласына шабуыл жасалып, қиратуға және вандализмге жол берілді. Қала тұрғындары террористер мен қарақшылар шабуылының құрбанына айналды. Сондықтан біздің, оның ішінде осында қатысып отырған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің міндеті – елімізді сыртқы қауіптен қорғау үшін барлық қажетті әрі мүмкін болған шараларды қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отырыс
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1949966-setelde-ulken-daiyndyqtan-otken-toqaev-qazaqstanga-nagyz-terroristerdi-aidap-salgan-kusterdi-atady/

pixel