Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәли: Президент шамамен 120 сағат үздіксіз жұмыс істеп жатыр

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Хабар 24" телеарнасына сұхбатында елде тәртіпсіздіктер басталған күннен бері Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай жұмыстар атқарып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Берік Уәли президенттің жұмысы туралы қоғамға ақпарат беру құқы тек мемлекет басшысының баспасөз қызметіне берілгендігін атап өтті. Қалған ведомстволарға ондай құқық берілген жоқ, дейді ол.

"Мемлекет басшысы Маңғыстауда митингілер басталғаннан бері Ақордада жұмыс істеп жатыр және жағдайды қадағалауда. Президент нон-стоп режимінде жұмыс істеп, елдегі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы өздеріңіз де білесіздер. Жағдай ушыға түскенде, елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін мемлекет басшысы батыл шешімдерді дер кезінде қабылдап, Қазақстан халқына үндеулерін уақытылы эфирлер арқылы жариялап отырды", - дейді Берік Уәли.

Тоқаевтың баспасөз-хатшысының сөзінше, президенттің осы күнге дейінгі уақыты жиындар өткізіп, көрші елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, министрлерді қабылдап, жарлықтарға қол қоюмен өтіп жатыр.

"Осы күндерде ол бірнеше рет қазақстандықтарға үндеу жолдады... Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 4 қаңтардан бастап шамамен 120 сағат бойы Ақордада үздіксіз жұмыс істеп жатыр", - деп қосты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950148-toqaevtyn-baspasoz-xatsysy-prezident-samamen-120-sagat-uzdiksiz-zumys-istep-zatyr/

pixel