Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com / Берік Уәли

Бүгін, 10 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Бүгін сағат 13:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды", - деп жазды Берік Уәли.

Сессияның отырысы "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы бірлескен мәлімдеме жасаған еді.

Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде ұлттық бітімгершілік күштердің Қазақстан аумағында орналасуы аяқталғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950243-toqaev-uqsu-uzymdyq-qauipsizdik-kenesinin-kezekten-tys-sessiyasyna-qatysady/

pixel