Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тәртіпсіздіктер жайлы: Бұл жерде мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу жөнінде сөз болып отыр

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Оқиғалар желісі туралы ақпараттарды толық екшей отырып, биылғы жыл басынан бергі оқиғаның бәрі бір шынжырдың тізбегі екенін нық сеніммен айта аламын.

Олар жымысқы оймен ұзақ уақыт бойы дайындалған. Дайындықтың қанша уақыт – бір жыл, екі немесе үш жыл жүргізілгенін тергеу анықтайды", - деп мәлімдеді Тоқаев.

Президент ел бойынша тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар қазақстандықтардың газ бағасына деген наразылықтарын пайдаланғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Қазақстанның "беріктігі" бұған дейін де сыналған.

"Стихиялық наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Діни радикалдар, қылмыстық топтар, жауыз содырлар, мародерлер мен ұсақ бұзақылар біртұтас команда ретінде бой көрсетті.

Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси талаптар екінші-үшінші орынға сырғыды. Оны ұмытып та кетті. Артынша аласапыран басталып кетті. Өздерінің қолайлы сәтін күтіп отырған қарулы содырлар тобы іске көшті.

Олардың басты мақсаты: конституциялық құрылысқа нұқсан келтіру, басқару институтын бүлдіру, билікті басып алу болғаны анықталды. Бұл жерде мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу жөнінде сөз болып отыр", - дейді президент.

Мемлекет басшысы бұл жайттан кейін өз сағатын күткен қарулы содырлар тобы әрекет ете бастағанын айтуда.

"Өңірлік биліктің, құқық қорғау органдарының ғимараттарына, тергеу изоляторларына, стратегиялық нысандарға, банктерге, телемұнара мен телеарналарға бір уақытта, қайталап айтамын бір мезгілде екенін қайталап айтамын, шабуыл жасау – соның айқын дәлелі...Алматы қаласы мен басқа да қалаларда, шын мәнінде, нағыз соғыс жүрді", - деп мәлімдеді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950280-toqaev-tartipsizdikter-zaily-angime-memlekettik-tonkeris-zasau-areketi-tonireginde-bolyp-otyr/

pixel