Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Алматының құлауы Қазақстанның бүкіл оңтүстігін басып алуға жол ашар еді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесінің сессиясына қатысып, елде орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысының сөзінше, Алматыдағы тәртіпсіздіктер қаланың құлауына әкеп соқтырған жағдайда, лаңкестер үшін Қазақстанның бүкіл оңтүстігін басып алуға жол ашылар еді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоқаев Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер синхронды түрде басталып, бір орталықтан басқарылып отырғанын мәлімдеді.

"Басқыншылық бір уақытта 11 өңірді қамтыды. Алайда, негізгі соққы Алматы қаласына қарсы бағытталды. Бұл біздің ең ірі қаламыз әрі еліміздің қаржылық орталығы екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Бұл қаланың құлауы Қазақстанның тығыз шоғырланған оңтүстігін, кейін бүкіл мемлекетті басып алуға жол ашар еді.
Террористер тәртіп сақшыларының бар күшін өзіне қарай бұрып, кейін елордамызға соққы жасамақ болды. Біз президент резиденциясының жанына жиналған содырларды көрдік. Бұл шын мәнінде түрлі әдістермен біздің мемлекетке қарсы бағытталған нағыз террорлық соғыс болды", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында Қазақстанда мемлекетік төңкеріс ұйымдастыру әрекеті жасалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950288-toqaev-almatynyn-qulauy-qazaqstannyn-bukil-ontustigin-basyp-aluga-zol-asar-edi/

pixel