Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл тарихта Алматы трагедиясы болып қалады": Тоқаев содырлар тұрғындарды қалай шатастырғанын айтты

Опубликовано:

Алматы
4 қаңтардағы фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған содырлардың қарапайым халықты шатастырғанын айтты. Тұрғындар алғашында қалада бейбіт митинг жүріп жатқанына сеніп қалған. Бұл туралы мемлекет басшысы ҰҚШҰ кеңесінің сессиясында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бастапқы кезде, мен айтып өткендей, бейбіт наразылық болды. Кейін Алматы қаласында саяси митинг өткізілді. Содан соң шибөрідей қаптаған қарулы содырлар қалаға үш бағыттан бас салды. Басында олар өздерін бейбіт демонстранттар ретінде көрсетіп, құқықтық тәртіпті сақтаушы күштерді, тіпті қала тұрғындарын шатастырды. Ал содан кейін "Алматы трагедиясы" деген атау алып, тарихқа енетін оқиға болды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы алдын ала тергеу аяқталған соң Қазақстан әлемдік қоғамдастық сотына елімізге қарсы жасалған лаңкестік шабуылдардың алдын ала ұйымдастырылғаны жөнінде қосымша дәлелдерді ұсынатынын алға тартты.

Президент Қазақстанда болған жағдайды мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті деп атады.

Оған қоса, Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған бейбіт тұрғындар жайлы хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950300-bul-tarixta-almaty-tragediyasy-bolyp-qalady-toqaev-lankester-turgyndardy-qalai-aldaganyn-aitty/

pixel