Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 11 қаңтар күні ел үкіметінің жаңа құрамын ұсынады

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында ертең парламентке ел үкіметінің жаңа құрамы туралы ұсыныстар енгізетінін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгіземін және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты нақты тапсырма беремін.

Жақын уақытта ауқымды антитеррористік операция бітеді және сонымен бірге ҰҚШҰ контингентінің сәтті миссиясы аяқталады", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді.

Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндетін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950301-toqaev-11-qantar-kuni-el-ukimetinin-zana-quramyn-usynady/

pixel