Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Майдан технологияларын қолданған": Путин Қазақстандағы тәртіпсіздік туралы айтты

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде наразылықтарды қолдаудың "майдандық технологиялары" қолданылғанын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз Қазақстанға төнген қауіп отынның бағасына қатысты наразылық акцияларынан болмағанын түсінеміз. Бұл жағдайды диструктивті ішкі және сыртқы күштер пайдаланды", - деді Владимир Путин.

Оның сөзінше, газ нарығындағы бағаға қатысты сөз сөйлегендердің мақсаты басқа, ал қару алып мемлекетке шабуылдағандардың мақсаты мүлдем бөлек.

Ресей президенті наразылыққа шыққандарда "майдан технологиялары" күштік ақпараттық қолдау ретінде қолданылғанын жеткізді.

"Шетелде лаңкестердің арнайы дайындығынан өткені анық көрінетін, жақсы дайындалған және басқарылатын содырлар тобы қолданылған", - деді ол. 

Владимир Путин бұны "Қазақстанға жасалған шабуыл" деп атады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында Қазақстанда жасырынған содырларды іздеу операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеген еді.

"Операция жалғасып жатыр, жасырынған лаңкестерді анықтау жоспары әзірленуде. Олар жасырынудың жаңа әдісін қолданып жатыр: азаматтық киім киіп, сақалын алып тастайды және т.б.

Бізді аса қиын жұмыс күтіп тұр. Құқыққорғау органдары мен әскер ардагерлері жұмылдырылды. Барлық мемлекеттік орган елді қалыпты өмірге қайтару үшін күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгіземін. Әлеуметтік - экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар қоямын",- деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950318-maidan-texnologiyalaryn-qoldangan-putin-qazaqstandagy-tartipsizdik-turaly-aitty/

pixel