Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Еуропа Одағының төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының төрағасы Шарль Мишельмен елдегі жағдайды талқылады. Бұл туралы президент өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін Шарль Мишельмен пайдалы әңгіме-дүкен құрдық. Қазақстандағы жағдай туралы мәліметтерді жаңарттық. Біз мемлекеттігімізге қарсы бұрын-соңды болмаған агрессия актісіне тап болдық және елде конституциялық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру үшін жедел шаралар қабылдадық", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысқан болатын. Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған.

Ақорданың ресми сайты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінінің толық мәтінін жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950356-toqaev-europa-odagynyn-toragasy-sarl-miselmen-soilesti/

pixel