Әлихан Смайылов еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қазақстанның үкімет басшысы болып Әлихан Смайылов тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін Смайыловтың кандидатурасын мемлекет басшысы ұсынған болатын. Мәжіліс депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Әлихан Смайылов 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап бүгінге дейін премьер-министрдің міндетін атқарып келген еді.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы — Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары — "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999–2003 жылдары — Статистика агенттігінің төрағасы.
2003–2006 жылдары — Сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.
2006–2009 жылдары — Қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті.
2009–2014 жылдары — Статистика агенттігінің төрағасы.
2014–2015 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015–2018 жылдары — Қазақстан президентінің көмекшісі.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда президент жарлығымен премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда Қазақстан президентінің жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950446-alixan-smaiylov-elimizdin-premer-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.