Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: ҰҚК ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіпті жіберіп алды

Опубликовано:

Касым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісте сөйлеген сөзінде елдегі соңғы жағдайларды бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі деп бағалады. Президент жыл басынан бері орын алған оқиғалардың бір тізбектің тармақтарына жатқызды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бізге керегі тек ақиқат қана, сол себепті оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық.

Бұл қатарда Жамбыл облысындағы жағдайлар, этносаралық түрлі арандатулар мен басқа да қақтығыстар бар. Біздің қоғамның берекесін алды. Оның ішінде арнайы жасақталған сценарий бойынша қарсылық білдіру акциялары арқылы да жасалды.

Радикалды шараларды орындаушыларды жасырын түрде дайындады. ҰҚК уәкілетті орган ретінде бұл жұмысқа нақты баға бергісі келмеді, бере алмады. Ұлттық қауіпсіздікке төнген қатерді жіберіп алды. Ал ұйымдастырушыларға тек ұтымды сәтті табу ғана қалған еді", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950449-toqaev-uqk-ulttyq-qauipsizdikke-tongen-qauipti-ziberip-aldy/

pixel