Тоқаев: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері он күн ішінде елден шығарылады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бейне байланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік кезінде көмекке келген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскеріне қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшыларының бірі. Олар Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Олар стратегиялық нысандарды күзетіп, ақыл-кеңес берді.

Ал лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары өткізуде. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімшергілік мақсаттағы миссиясы аяқталды. Он күн ішінде олар біртіндеп елден шығарылады", - деді президент.

Еске сала кетейік, отырыс барысында Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып Әлихан Смайылов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950453-toqaev-uzymdyq-qauipsizdik-turaly-sart-uiymynyn-askeri-on-kun-isinde-elden-sygarylady/