Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстанның даму банкі таңдаулы тұлғалардың жеке банкіне айналды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мәжілісте сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдардың жеке банкіне айналғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігі. Достарына бәрін болады, ал қалғандарына заң бойынша береді. Бұл жүйе олигополияны одан әрі күшейтуде. Ірі кәсіпорындар өз артықшылықтарын пайдаланады.

Мәселен, Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдардың жеке банкіне айналды. Біз бәрін жатқа білеміз. Жоғары кабинеттерге қолжетімділігін пайдаланып, олар артық талаптар алуда. Бұл жобаларға тартылатын мемлекеттік ресурстарды орта және шағын бизнеске пайдалануға болатын еді.

Үкіметке ҚДБ-ның қызметін қайта құруды ұсынамын. Мемлекеттік қолдау шегін қайта қарау керек. Бұл ашық және түсінікті механимздер болуы тиіс. Шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл аудару қажет", - деді президент.

Сондай-ақ, президент Үкімет мүшелері мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950485-toqaev-qazaqstannyn-damu-banki-tandauly-tulgalardyn-zeke-bankine-ainaldy/

pixel