Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Смайыловқа үкіметтің 2022 жылға арналған жаңа жоспарын жасауға үш апта уақыт берді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Мәжілістің онлайн отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловқа Қазақстан үкіметінің 2022 жылға арналған жаңа жоспарын дайындау үшін үш апта уақыт берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін жаңа премьер-министрді тағайындадық және оған бірқатар нақты міндеттер қойдық. Мен премьер-министрге 3 апта ішінде 2022 жылға арналған іс-қимылдар жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қараймыз", - деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжіліс отырсында Әлихан Смайылов еліміздің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950506-toqaev-smaiylovqa-ukimettin-2022-zylga-arnalgan-zana-zosparyn-zasauga-us-apta-uaqyt-berdi/

pixel