Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ел басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950509-prezident-birqatar-eldin-bassylarymen-telefon-arqyly-soilesti/