Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин: ҰҚШҰ-ның бітімгер күштері Қазақстан аумағынан міндетті түрде шығарылады

Опубликовано:

Владимир Путин
Фото: UGC

ҰҚШҰ бірлекскен бітімгер контингенті Қазақстанға шектеулі уақытқа ғана жіберілді. Бұл туралы ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті. Оның сөйлеген сөзі Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

"Бауырлас Қазақстан халқына көмек көрсету бойынша бірлескен қадамдар барынша жедел түрде келісілді. Осы орайда ҰҚШҰ тетігі нақты іске қосылды. Қазақстанға ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгер күштерінің контингенті бағытталды. Олар мерзімі бойынша шектелген уақытқа жіберілді. Яғни ол қажетті мерзімді Қазақстан Президенті айқындайды", - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, өзінің функциясын орындағаннан кейін, ҰҚШҰ-ның контингенті Қазақстан аумағынан міндетті түрде шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950526-putin-uqsu-nyn-bitimger-kusteri-qazaqstan-aumagynan-mindetti-turde-sygarylady/

pixel