"Білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес": Тоқаев өзекті мәселені қозғады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Президенттің сөзінше, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылады. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес", -деді ол.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тартудың жаңа тәсілін ұсынды.
"Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім –мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950527-bilim-sapasyn-zaqsy-mugalimdersiz-koteru-mumkin-emes-toqaev-ozekti-maseleni-qozgady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.