Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дамудың жаңа кезеңі басталады": Президент ел тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында қиын қыстау сәтте ел тағдырына алаңдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент қиын күндер артта қалғанын тілге тиек етіп, халқымызға тәуелсіздік бәрінен қымбат екенін жеткізді.

"Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген бүкіл халқыма шынайы ризашылығымды білдіремін. Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек.

Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет.

Еңді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады.
Егемен елімізді бірге өркендетейік. Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлының мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950533-damudyn-zana-kezeni-bastalady-toqaev-el-turgyndaryna-undeu-zasady/