Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жаңа басшы келді
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысы тағайындалды.
Бұл қызметке Асқар Қуанышұлы Омаров келді. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Асқар Қуанышұлы Омаров 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Тұран" университетін бітірген. 1997-1998 жылдары "Мәдениет проблемаларының республикалық ғылыми орталығы" әлеуметтік-экономикалық проблемалар секторының жетекші маманы болған.
1998-1999 жылдары "Қазақстанның Шағын Бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман;
2001-2005 жылдары "РГ" новости недели" ЖШС тілшісі қызметін атқарған.
2005-2006 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ – "Астана" РТО филиалының ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясы Алматы бюросының шеф-редакторы болып еңбек еткен. Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2008-2010 жылдары "Нұр-Медиа" ЖШС директоры, бас директорының орынбасары болды.
2011-2013 жылдары "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті;
2014 жылы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарушы директоры;
2016-2017 жылдары қоғамдық қордың президенті ретінде қызмет етті.
2017-2021 жылдары "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС Бас директоры болды.
2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың тамыз айына дейін "ҚазАқпарат" ХАА АҚ Басқарма төрағасы болды.
Ал 2021 жылдың тамыз айында ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950610-aqparat-zane-qogamdyq-damu-ministrligine-zana-bassy-tagaiyndaldy/