Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ басшысы болған Тілеуберді Смайыловтың орынбасары қызметін атқарады

Жарияланған күні:

Мұхтар Тілеуберді
Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасарларының бірі болып Мұхтар Тілеуберді тағайындалды. Ол, сонымен қатар, сыртқы істер министрі лауазымын да қоса атқарады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген құжат мәтінде.

Айта кетейік, Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда туған.

Ол С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.

Университетті аяқтағаннан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастады. Орталық аппараттағы жұмыс барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып қызмет етті.

ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді. 2003 жылы Сыртқы істер Вице-министрі болып тағайындалды.

2004 жылы еліміздің Малайзиядағы Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылы Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасыны Тұрақты өкілі болды. 2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елші болып аккредиттелді.

2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары болған.

2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Мұхтар Тілеуберді "Ерен еңбегі үшін" (2014 ж.) және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. ҚР Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010 ж.).

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950617-muxtar-tileuberdi-zana-ukimet-bassysynyn-orynbasarynyn-biri-bolyp-tagaiyndaldy/