Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юрий Ильин төтенше жағдай министрі қызметін атқаруды жалғастырады

Опубликовано:

Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: Жамбыл облыстық ӨКҚ

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі қызметінде қалды.

Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Юрий Ильин 1968 жылы РКФСР Куйбышев қаласында дүниеге келген. 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер мамандығы бойынша, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

Әр жылдары Мәскеу әскери округі 2- гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының мотоатқыштар взводының командирі, Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы, бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

1996-1998 жылдары — Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;

1998-2005 жылдары — Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

2005-2011 жылдары — Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;

2011-2013 жылдары — Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2013-2015 жылдары — Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2016 жылғы сәуір айынан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 11 қыркүйектегі ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің жарлығымен төтенше жағдайлар министрі болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950618-yurii-ilin-totense-zagdai-ministri-qyzmetin-atqarudy-zalgastyrady/

pixel