RU

Серік Шәпкенов еңбек министрі лауазымын сақтап қалды

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Фото: strategy2050.kz

Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды. Тиісті жарлықты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шығарды, деп хабарлайды Ақорда.

"Серік Жамбылұлы Шәпкенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

Әртүрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеген. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2015-2016 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2018 жылдан бастап 2020 жылдың 4 маусымына дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2021 жылдың қаңтар айынан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950630-ukimettin-zana-quramy-serik-sapkenov-lauazymyn-saqtap-qaldy/