Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов: Үкіметтің жаңа құрамы елімізді жаппай дағдарыстан шығару керек

Опубликовано:

Әлихан Смайылов742
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов күні кеше бекітілген үкіметтің алғашқы отырысын өткізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа құрамын таныстырып, өз әріптестеріне үндеу жолдады.

"Бүкіл еліміздің басына ауыртпашылық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек.
Біздер, Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет.
Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтуде", - деді үкімет басшысы.

Айта кетерлігі, Қазақстан президенті жаңадан бекіткен үкіметтің бүгінгі отырысы барлық жаңа министрдің кезекпен ант қабылдауымен басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950677-smaiylov-ukimettin-zana-quramy-elimizdi-zappai-dagdarystan-sygaru-kerek/

pixel