Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның жаңа министрлері ант қабылдады

Опубликовано:

министрлер ант қабылдады
Көрнекі фото: kznews.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысы Қазақстанның барлық жаңа министрінің кезекпен ант қабылдауымен басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуіне жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін", - деді министрлер өз кезегінде.

Айта кетерлігі, ант қабылдаған министрлер арасында жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров, әділет министрі Қанат Мусин, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров және энергетика министрі Болат Ақшолақов бар.

Өз лауазымына қайта тағайындалған министрлер ант берген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950678-qazaqstannyn-zanadan-tagaiyndalgan-ministrleri-ant-qabyldady/

pixel