Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ақшаны елден заңсыз шығаруды бақылау күшейтілді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отысрысында капиталды негізсіз шығаруға қарсы қандай шаралар қабылданатынын айтты. Күні кеше мұндай фактілерді мемлекет басшысы келтірген болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шетелге шығару тәуекелінің үдей түскенін атап өтті.

Осыған байланысты 10 қаңтарда Ұлттық банк қаржылық мониторинг агенттігімен және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып, елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады.

Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді.
Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылатын болады. Қабылданып жатқан шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді және KYC (know your client) қағидаттарын толыққанды енгізеді", -деді Ерболат Досаев.

"Резиденттер мен бейрезиденттерді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушылары мен инвесторлардың халықаралық операциялар жүргізуі кезінде өз құқықтарына қысым жасалмайтынын және шектеу қойылмайтынын растағым келеді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950687-qazaqstanda-aqsany-elden-zansyz-sygarudy-baqylau-kuseitildi/

pixel