Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі: Бизнес-жобаларға берілетін грант мөлшері екі есеге артады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Өз ісін дамытуға арналған мемлекеттік грант мөлшері 200-ден 400 АЕК-ке дейін, яғни 612,6 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін артады, деп мәлімдеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов. Сондай-ақ, қаржыландыруға үміткер бизнес-жобалардың бағалануын күшейту жөнінде шаралар кешені қабылданады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

""Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, әр ауылдың ерекшелігін ескере отырып, кәсіпкерлікке оқыту, өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатуға қолдау көрсету және жеңіл кредиттер мен гранттар бөлу шараларын қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлінеді. "Жастар практикасы" және "Бірінші жұмыс орны" жобаларының мерзімдері мен жалақы мөлшері ұлғайтылатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, грант мөлшері 200-ден 400 АЕК-ге дейін артады. Бұл орайда грант берілетін бизнес-жобалардың тиімділігін бағалау күшейтілетін болады",- деді Шәпкенов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның жаңа премьер-министрі Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа құрамын таныстырып, өз әріптестеріне үндеу жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950689-enbek-ministri-biznes-zobalarga-beriletin-grant-molseri-artady/

pixel