Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстандағы тағы бес маңызды нысанды күзетке алды

Опубликовано:

Бітімгерлер
Фото: РИА Новости/ РФ қорғаныс министрлігі

Соңғы тәулікте ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстандағы тағы бес маңызды нысанды күзетке алды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі уақытта ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігімен бірлесіп, бітімгерлер күзететін нысандарды елдің құқыққорғау органдарына беру бойынша жоспар әзірлеуде", - деді ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюков.

Сердюков контингентті жедел өрістету Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол ҰҚШҰ бітімгершілік күштері қазақстандық тараппен өзара байланыс аясында тапсырмаларды орындағаннан кейін бітімгерлер бөлімшелерін техникамен бірге Ресей ӘҒК әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен тұрақты орналасу пункттеріне қайтару ұйымдастырылатынын да жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950705-uqsu-bitimgerleri-qazaqstandagy-tagy-bes-manyzdy-nysandy-kuzetke-aldy/

pixel