RU

Банкоматтар жұмысын іске қосу: Қолма-қол ақша беру үшін қандай шара қабылданды

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында елімізде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қандай шұғыл шаралар қабылданғанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерболат Досаев қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктердің онлайн сервистеріне кіру қалпына келтірілгенін атап өтті.

"Бүгіннен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоса алғанда, банктерді қолма-қол ақша қаражатымен және қолма-қол ақша беру үшін банкоматтардың жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Биылғы жылғы 10 қаңтардан бастап қаржы секторы мен мемлекеттік бюджеттің теңгедегі төлемдерін жүргізу үшін Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының төлем жүйелері штаттық режимде жұмыс істеуде", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, Досаевтың мәлімдеуінше, бүгін Қазақстан қор биржасының валюта алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу қалпына келтірілуде.

"Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк қажеттілігіне қарай валюталық интервенциялар жүргізу арқылы валюта нарығындағы балансты қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген шаралар топтамасын табысты іске асыру нарықтың ішкі және сыртқы қатысушыларының тарапынан ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс", - деді Ерболат Досаев өз баяндамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950714-bankomattar-zumysyn-iske-qosu-qolma-qol-aqsa-beru-usin-qandai-sara-qabyldandy/