Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ақпанда үкіметтің жаңа құрамымен кеңейтілген отырыс өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Үкіметтің кеңейтілген отырысы ақпан айында өтетін болды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі жиында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті әріптестер, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілісте сөз сөйлеп, үкіметке бірқатар тапсырма берді. Алдағы үш аптада біз үкіметтің 2022 жылға арналған бағдарламасын жасап шығаруымыз керек. Ол ақпан айында өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында талқыланатын болады", - деді премьер-министр.

Естеріңізге салайық, Қазақстан президенті жаңадан бекіткен үкіметтің бүгінгі алғашқы отырысы жаңа министрлердің кезекпен ант қабылдауымен басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950741-toqaev-aqpanda-ukimettin-zana-quramymen-keneitilgen-otyrys-otkizedi/

pixel