Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы қаласына келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Алматылықтар әлеуметтік желіде қала төбесінде ұшып жүрген тікұшақтардың, сондай-ақ кортеждің видеосын жариялауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Авторлардың жазуынша, Алматы аспанынан қаланың жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай ұшқан бірнеше тікұшақты байқаған.

Ал кортеж қала көшелерімен жүріп өтіп, Rixos қонақүйіне тоқтаған. Бұл сәтті Бейбіт Әлібековтың Telegram каналы жариялады.

Сонымен бірге, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Tengrinews.kz агенттігіне кортеждің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі екенін, қазір президенттің Алматыда екенін хабарлаған.

"Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штабтың отырысына қатысты. Сонымен қатар, қаза тапқан полиция, әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтіп, көңіл айтып, наградалар табыстады", - дейді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950788-memleket-bassysy-qasym-zomart-toqaev-almaty-qalasyna-keldi/

pixel