Қырғызстан премьер-министрі Смайыловты жаңа қызметімен құттықтады
Опубликовано:

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әңгімелесу барысында Ақылбек Жапаров Әлихан Смайыловты премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтаған.
Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірген.
Сондай-ақ, тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін айтқан.
"Қазақстан үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті арттыру бағытын берік ұстанады", - дейді Әлихан Смайылов.
Одан бөлек, әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтардағы мәжіліс отырсында Әлихан Смайылов еліміздің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950806-qyrgyzstan-premer-ministri-smaiylovty-zana-qyzmetimen-quttyqtady/