Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыc сапарының видеосы жарияланды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында өзінің Алматы қаласына жұмыc сапарының видеосын жариялады.

Айта кетсек, президент 12 қаңтарда Алматы қаласына келіп, жедел штабтың отырысын өткізді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі қайғылы жағдайдан қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, наградаларды табыстады.

Өз өзінде мемлекет басшысы марқұмдардың отбасы назардан тыс қалмайтынын, әрқашанда көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында барды.

Сондай-ақ, мемлекет башысы Алматыдағы Полиция департаменті Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барып, үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіруді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950880-toqaevtyn-almaty-qalasyna-zumyc-saparynyn-videosy-zariyalandy/