Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына Александр Данилов тағайындалды

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ, жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды.

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1950989-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-lauazymyna-aleksandr-danilov-tagaiyndaldy/

pixel