Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Шайымова Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Айгүл Шайымова
Айгүл Шайымова. Фото: primeminister.kz

Айгүл Шайымова Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айгүл Шайымова 1979 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Әр жылдары Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде, Бас прокуратурасында жұмыс істеген. 

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдың шілдесінен бастап Мәдина Серікқызы Жүнісбекованың оқу демалысы кезеңінде Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Ұлттық экономика вице-министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951228-aigul-saiymova-ulttyq-ekonomika-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel