Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғаларына байланысты тапсырма берді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстандағы қайғылы оқиғалар туралы айтты. Оның мәліметінше, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 2 мыңға жуық адам ұсталған.

"Қасіретті қаңтар" оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады.

Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн", - деді президент.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдардан кейін 494 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951267-toqaev-bas-prokuraturaga-qasiretti-qantar-oqigalaryna-bailanysty-tapsyrma-berdi/

pixel