Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмабай Қарағаев энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Жұмабай Қарағаев
Фото: primeminister.kz

Ел үкіметінің қаулысымен Жұмабай Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

И. М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды басқарып, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғалиев бұған дейін атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951301-zumabai-qaragaev-energetika-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel