Ержан Қазанбаев Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Қазанбаев
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Ержан Қазанбаев сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ержан Қалдыбайұлы Қазақбаев 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Алматы технологиялық университетін, Абердин университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-да комплаенс-бақылаушы болып бастаған. Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасы сарапшысының м. а., сарапшысы.

2012-2013 жылдары — Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау басқармасының басшысы.

2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты басқармасының басшысы.

2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары. 2016-

2019 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1951311-erzan-qazanbaev-sauda-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

jitsu gif